44-те «Қызыл Жұлдыз» алған екен

(0 Votes)

Кеңестер Одағы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік архивінің құпия деректері «Мемориал», «Подвиг народа», «Память народа» сияқты әлеуметтік желілерде жариялана бастағаннан бері біраз ақтаңдақтардың беті ашылғандай болды.

Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған және із-түссіз жоғалып кеткендердің деректері табылып, қаза тапқандардың қай жерде жерленгендері туралы мәліметтер жұртшылық назарына берілді. Сондай-ақ, соғыс уақытында жауынгерлік орден-медальдармен марапатталып, белгісіз бір себептермен иелеріне табысталмай қалған наградалардың да нақты дерегі жария болуда.

Жақында Ұлы Отан соғысына қатынасушы Ғайсин Теміржанның үрпақтары «Память народа» сайтынан майдангер әкелерінің 1944 жылдың 25 қазанында «Қызыл Жұлдыз» орденімен наградталғаны туралы мәліметке кез болғанын қуана хабарлайды. Теміржан ағамыз көзі тірісінде 1970 жылы «За боевые заслуги» медалімен, Жеңістің 40 жылдығына орай І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған болатын.

Енді, міне, жеңімпаз майдангердің тағы бір жауынгерлік наградасының дерегі шығып отыр, ерлік ескірмейді деген осы.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521