3,5 мың мұнайшы жұмыссыз қалды

Рейтинг: 0 / 5

Мұнай компанияларында 3,5 мың адам жұмыссыз қалды.

Бұл жайында халыққа есеп беру барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп жазады ERNUR.KZ Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Министрдің айтуынша, қызметкерлердің жұмыссыз қалуына мұнайға деген сұраныстың төмендегені әсер етіп отыр.

"Біздегі мәлімет бойынша, мұнай сервисі саласында үш жарым мыңға жуық адам жұмыссыз қалды. Мемлекет қызметкерлер санының одан әрі қысқармауы үшін бар күш-жігерін жұмсайды", – деді министр.

Ноғаев маусымның соңына дейін ТШО мен басқа да сервистік компания қызметкерлерінен жалақы төленетінін айтты.

"Сонымен қатар мемлекет жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау және салық төлеуге жеңілдік беру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Мұнай сервистік компаниялар осы шараларды пайдалана алады", – деді министр.

Айта кетейік, Қазақстан мұнай өндірісін өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ке азайтуды жоспарлап отыр. Демек, 2020 жылы елімізде 86 миллион тонна мұнай өндіріледі.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика