Құрманғазы аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Бекдидар Көргенәлиев газет тілшісіне 2019 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет беруге ынталылық танытты.
Биыл бұл бөлімшеге 264 шетел азаматы тіркелген. Оның ішінде: Ресей Федерациясынан-45, Өзбекстаннан-215, Әзірбайжаннан-2, Қырғызстаннан-1, Тәжікстаннан-1 адам келді. 28 шетел азаматының еңбек рұқсат қағаздары ұзартылды. Оның барлығы өзбектер екенін қаперге береміз.
«Бүркіт» бірыңғай ақпарат жүйесіне Құрманғазы аудандық ІІБ-і көші-қон қызметі бөлімшесімен жасақталған әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары енгізілді. Жалпы, 119 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
698 адам құжаттандырылса, оның ішінде 106-сы төлқұжат алғандар, 623-і куәлікпен қамтамасыз етілген.
Тіркеуге отырғандар-1407,
Оның ішінде : облыс және ауыл аралығында-1344,
Басқа өңірлерден келгендер-63,
Шетелден қайтып келген-жоқ Уақытша тіркелгендер-116,
Мекен жай түзеу-2050 Есептен шыққандар-41,
Шетелге кеткендер-14, Үй иесінің арызымен-27
Осы уақыт аралығында бөлімшеге 403 тұрғын әртүрлі өтінішпен келген. Мемлекеттік баж сомасы 2 018 990 теңгені құрап, салық басқармасына түбіртектер түгел жолданды.
Бөлімшеге келген шетел азаматтарына шекаралық аймаққа кірулеріне 264 рұқсаттама берілді. Қазақстан Республикасында тұрақты қалуға 3 шетел азаматы арызданса, оның 1-еуі ықтиярхатымен құжаттандырылып, 2 шетелдіктің өтініштері қаралуда.
5 алимент төлеуден жалтарушы іздеуге жарияланып, қазіргі таңда 2-еуі анықталып, 3-еуі іздестірілуде.
А.Шакупова.