2023 жылғы I-ІІ тоқсан бойынша Құрманғазы ауданы әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулердің орындалысы

(0 Votes)

 

А

Мәселенің қысқаша мазмұны

Орындалу мерзімі

Күні бүгінгі орындалысы

 

Мақаш ауылдық округі

1

Мүгедек балаларды Атырау қаласына апарып қаратуға инвотакси бөлу

2023 жыл ішінде

Конкурстық құжаттар жарияланды. Жұмыстар жүргізілуде.

2

Мектеп оқушыларының ауыл арасында автокөлік жүргізу фактілері қадағаланып, шарасы алынсын

2023 жыл ішінде

Учаскелік полиция инспекторымен бірлескен түрде рейдтер жүргізіліп тұрады. Әзірге мектеп оқушыларының машина айдау фактісі кездескен жоқ. Сонымен қатар ата-аналарға да түсінік жұмыстары жүргізілді.

Орлы ауылдық округі

1

Достық көшесіне шағын балалар ойын алаңын салуға қаражат бөлу

2023 жыл ішінде

Шағын балалар ойын алаңын салу үшін ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптамада қаралуда.

2

Тәуелсіздік көшесінде ауыз су жетіспеушілігі мәселесін реттеу

2023 жыл ішінде

«Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС арқылы толық қалыпта беріліп отыр

3

«Шарон» өзенін түп тереңдету жұмыстарына байланысты мердігер, тапсырыс беруші, жобалаушы және техникалық қадағалаушыны шақырып тұрғындармен көздесу ұйымдастыру.

01.08.2023 жылға дейін

22.05.2023 жылы аудан әкімінің м.а. Н.Қалиевтың төрағалығымен мердігер мекеме өкілінің қатысуымен жиын өткізілді.

4

Тәуелсіздік көшесінен Н.Манаев мектебіне дейін түнгі жарық тартылмаған 4 көшеге көше жарығын тартуды қолға алу

2023 жыл

ішінде

Қажетті қаржы көлемі нақытлануда, бюджеттік сұраныс беріледі.

Нұржау ауылдық округі

1

Нұржау ауылының аумағынан өтіп жатырған Республикалық маңызы бар Ақтөбе-Астрахань тас жолынының үстінен мал өткелі үшін  белгі орнату салу

2023 жыл ішінде

Атырау облысында 2023-2025 жылдарға арналған жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша жол картасына ұсыныс жолданды

2

Нұржау дәрігерлік амбулаториясының дәрігерін тұрғын үймен қамту

2023 жыл ішінде

Нұржау дәрігерлік амбулаториясының дәрігерін, округ әкімі және полиция учаскелік инспекторға тұрғын үймен қамту үшін бюджеттік өтінім дайындалуда

Теңіз ауылдық округі

1

Ауылға кірме жолындағы  «Приморье» деген белгіні ауыстыру ұсыныс енгізу

2023 жыл ішінде

Ауылға кірме жолындағы  «Приморье» деген белгіні ауыстыру үшін сұраныс берілді. Ауыстырылатын болады.

2

Ауылдық клубтың ғимратын жөндеу жөніндегі жобалау- сметалық құжаттамасын сараптамадан өткізу

2023 жыл ішінде

ЖСҚ жасақтау үшін келісім шарт жасалған, күні бүгін сарапатма жасалған жоқ

3

«Айсамал» бөбекжай балабақшасының теңгеріміндегі ескі мектеп ғимаратына қайта жабдықтау (реконструкция) жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақтау үшін бюджеттік өтінім жолдау

2023 жыл ішінде

Облыстық білім басқармасынан ЖСҚ жасақтау үшін 16100,0 қаржы сұратылды. Қаржы бөлінген жоқ.

Сүйіндік ауылдық округі

1

Ауылдың шетініе «Казсушар» мекемесіне қарасты ауыз су толтыратын резервуардың, авто көлікке су құятын насостың айналасы қоршау

2023 жыл ішінде

Ауылдың шетініе «Казсушар» мекемесіне қарасты ауыз су толтыратын резервуардың, авто көлікке су құятын насостың айналасы қоршалған жоқ.

2

Жалгызапан ауылы ішінде тартылған су құбырларынан халыққа су берілуін ұйымдастыру

2023 жыл ішінде

Бағалау жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік сатып алу порталына  конкурс жариялауға құжаттар дайындалуда.

Азғыр ауылдық округі

1

Дала өрттерін алдын-алу бойынша Азғыр округінде 1 өрт сөндіру депосын  ашу

2023 жыл ішінде

«Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі» мемлекеттік мекемесіне көршілес Сүйіндік ауылдық округінен өрт сөндіру депосының құрылысын салу және оған қызмет көрсетуге тұрақты жер пайдалану үшін жер беріліп шешім шыққан, қалған құжаттарын жасақтап тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған депо өңірдегі 3 округті қамтитын болады

2

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тартылған ауылішілік ауыз су желісін сенімгерлік басқаруға беру жұмыстарын ұйымдастыру

2023 жыл ішінде

Қазіргі уақытта бағалау жұмыстары жүргізілуде. Бағасы анықталған соң сенімгерлік басқаруға беру үшін мемлекеттік веб-порталға жарияланатын болады. 

Асан ауылдық округі

1

Пошта байланысы жұмысын жандандыру.

2023 жыл ішінде

Асан, Үштаған елді мекендерінің тұрғындарын пошта қызметтерімен қамтамасыз ету үшін пошта бөлімшесін Асан ауылынан ашуға «Казпочта» АҚ Атырау облыстық филиалы Құрманғазы аудандық байланыс торабына ұсыныс жолданды. Алайда жоғары жылдамдықты талшықты оптикалық интернет желісі орнатылғаннан кейін ғана қарастырылатынын жеткізді.

2

Асан ауылындағы медпунктке фельдшер сұрату

2023 жыл ішінде

Уақытша Балқұдық амбулаториясының дәрігері тұрғындарды қарауда. Ауданға жас мамандар келген жағдайда жіберілетін болады.

Дыңғызыл ауылдық округі

1

Мектептің автобусының тозығы жеткен. Бала тасымалы кезінде  қайта-қайта бұзылып қиындық туғызып отыр. Жаңа автокөлік беру

2023 жыл ішінде

2022 жылы қаражат бөлініп, сатып алуға конкурсқа берілді. Алайда автобус бағасының өсуіне байланысты, жеңімпаз анықталмай, көлік алынбай қаржысы қайтарылды. 2023 жылы қаражаты қайта есептелініп, бюджеттік өтінім берілді.

2

Жыланды дәрігерлік емханасына жедел-жәрдем автокөлігін беру.

2023 жыл ішінде

Жаңа автокөліктерге сұраныс берілді, жаңасымен қамтылатын болады.

Шортанбай ауылдық округі

1

Шортанбай ауылына ойын алаңын салу

2023 жыл ішінде

Шортанбай ауылына ойын алаңы құрылысына ЖСҚ жасақталуда.

2

Ветеринария мамандарына қызметтік көлік мәселесін шешу

2023 жыл ішінде

Мал дәрігерлерінің автокөліктерінің тозуына байланысты облыс көлемінде мемлекеттік сатып алу порталына салынып шешілу үстінде.

Көптоғай ауылдық округі

1

Зираттарды қоршау жұмыстарын жүргізу

2023 жыл ішінде

 «Сұңқар»ЖШС мекемесімен келісім шарт жасақталды. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бөкейхан ауылдық округі

1

Ауылішілік су желісі құрылысын жүргізіп, аяқтау

2023 жыл ішінде

Бөкейхан және Кудряшов ауылдық округтерінде 2021 жылы «Болат-Д» мекемесі арқылы ауыз су тарту жұмыстары басталып, қазіргі таңда  ішкі құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Себебі округ аумағында 389 тұрғын үй орналасқан, оның ішінде таза су тарту жобасына 255 үй еніп, 134 тұрғын үй жобаға енбей қалғанын ескере отырып, жобаға өзгеріс жұмыстары жүргізілуде.

2

Округте жаңадан басталған клуб құрлысын бастап бітіру, айналасын қоршауын қалпына келтіру

2023 жыл ішінде

Мердігер мекеме «Грант Мастер» ЖШС. Жоба құны: 793 597,0 мың теңге. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айында басталып, күні  бүгінде құрлыс материалдарының  қымбаттауына  байланысты жобаға түзетулер еңгізілуде.

Жаңадан басталған клуб құрлысының айналасы қоршалып қалпына келтірілді.

Бірлік ауылдық округі

1

Мәдениет үйінің құрылысын бастау

2023 жыл ішінде

2023 жылы құрылысына 275 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

Жаңаталап ауылдық округі

1

Жаяу көпір құрылысын салу үшін ұсыныс беру

2023 жыл ішінде

ЖСҚ жасақтауға қажетті қаржы көлемінің есебі шығарылуда

2

Иесіз үйлердің иелерін тауып қалпына келтіру

2023 жыл ішінде

Иесіз үйлердің иелерін анықтап, қәзіргі уақытта аталған мекен жайда орналасқан тұрғын үй ғимараттарын бұзу немесе қоршау орнату бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізіді. Иесі анықталмаған үйлерді құқық қорғау органдары арқылы байланыс орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

3

Балалар ойын алаңын жаңарту

2023 жыл ішінде

Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін

мемлекеттік сатып алу порталына хабарландыру берілді, жеңімпаз анықталмады. Қайтадан хабарландыру беру шілде айына жоспарлануда.

Ақкөл ауылдық округі

1

Ауыл ішілік автокөлік жолын жаңғырту жұмыстарын аяқтау

2023 жыл ішінде

Тротуар орналастыру жұмыстары аяқталды. 5 км жолдың астыңғы қабаты төселді. Жұмыстар жалғасуда.

2

Тұрғындарға мал қорасын салу үшін «Шыны зауытының» оңтүстік жағынан жер бөлу

2023 жыл ішінде

Ақкөл ауылдық округінің бас жоспарына сәйкес келмеуі «Шыны зауыты» оңтүстік бетінен жер берілмейді. Осы мәселені шешу мақсатында  тұрғындарға қосалқы шаруашылықтарын жүргізу үшін  Құлес Такешов және Арқалық көшелері бойынан 3 га жер телімі тұрғындарға мал қорасын салу үшін ұсынылып отыр.

Құрманғазы ауылдық округі

1

Базар айналасындағы көліктердің қозғалысын реттеу.

2023 жыл ішінде

Абай көшесіне бағдаршам қою, автокөліктерге бір жақты жүру үшін арнайы жұмыстар жүргізілетін болады.

2

«Алтын арал» ғимараты тұсына жасанды жол кедергісін орнату.

2023 жыл ішінде

Аудандық полиция бөлімінің нұсқамасына сәйкес мердігер мекемеге тапсырма берілді. Ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін жол белгілерімен жол таңбалары орнатылады.

3

Желтоқсан көшесіне көше жарығын тарту

2023 жыл ішінде

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында үнемделген қаржы есебінен ағымдағы жылдың тамыз айына дейін көше жарығы тартылады.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521