1,4 млн қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алады

Рейтинг: 0 / 5

ҚазАқпарат - 1,4 млн қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алады.

Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Атаулы әлеуметтік көмек алу шарттарының бірі егер отбасыдан жұмысқа қабілетті тұлға болса, онда әлеуметтік келісімшарт жасау болып саналады. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша атаулы әлеуметтік көмекті 1,4 млн адам алады. Бұл шамамен 285 мың отбасы", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, олардың ішінде 385 мың адам жұмыс істеуге қабілетті.

"Олар әлеуметтік келісімшарт жасасып, жұмыс істеулері тиіс. Жұмыс жергілікті жерлерде ұсынылады. Біз бос жұмыс орындары мен жұмыс сұрап жүрген тұлғалар санын сараптаған едік. Бос жұмыс орындары көп болып шықты. Егер қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмекке 110 мың теңге алып, ұсынылған жұмыс жалақысы 80-90 мың теңге болса, онда сол жұмысқа баруға келісу қажет", - деді ол.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика