1,2 млн кәсіпкер салықтан босатылады – Қаржы министрлігі

(0 Votes)

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жәнібек Нұржанов бизнес субъектілерінің 75% салықтан босатылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің деректер бойынша, барлығы 1,2 млн кəсіпкерлік субъекті салықтан босатуға жатады. Бұл бизнес субъектілердің барлық санының 75%. Мемлекеттік кірістер органдары тексерулердің санын төмендету бойынша жоспарлы түрде жұмыс атқаруда. 2019 жылы мемлекеттік кірістер органдары 27 187 салықтық тексеріс өткізді. Бұл, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 28,7% төмен», - дейді Жәнібек Нұржанов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, тəуекелдерді басқару жүйесін іріктеу өлшемдерін жетілдіру жəне мемлекеттік кірістер органдарының өкімінде бар деректерді талдау арқылы заң бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар күшейтілуде.

Бұған дейін Ж.Нұржанов арнаулы салық режимдерін қолданатын, сондай-ақ микро жəне шағын кəсіпкерлік субъектісі болып табылатын тұлғалар биылғы 1 қаңтардан бастап, 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін табыс салығынан босату ережелерін қолдануға құқылы екенін мәлім еткен болатын.

 inform.kz 

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21