«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау басталды

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылы құрылған «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын алуға конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Сыйлық волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге және ынталандыруға бағытталған.

Ол үшін qazvolunteer.kz интернет-платформасында волонтерлік қызмет бойынша өтінім беру және деректерді толтыру қажет.

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 1 қазанда басталып, 2022 жылғы 20 қазанға дейін жалғасады.

Байқау екі кезеңде өтеді:

Бірінші кезең – qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру;

Екінші кезең – әр номинация бойынша жоғары дауыс жинаған 10 үміткерді Конкурстық комиссияның бағалауы.

Нәтижесінде келесі номинациялардың әрқайсысы бойынша үш үміткер жеңімпаз деп танылады:

- «Үздік волонтерлік ұйым»;

- «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»;

- «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»;

- «Үздік әлеуметтік көмекші»;

- «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»;

- «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»;

- «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»;

- «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»;

- «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»;

- «Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін»;

- «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»;

- «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»;

- «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»;

- «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»;

- «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».

Сыйлықты тапсыру 5 желтоқсан - Халықаралық волонтер күнін мерекелеуге арналған арнайы марапаттау рәсімінде өтеді.

Сыйлықты беру қағидаларымен «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

Сілтемелер: http://10.61.42.188/kaz/docs/V2000021420  

Сондай-ақ, АҚДМ-нің ресми интернет-ресурсында да орналастырылған.

Сілтемелер: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/77386?lang=kk

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің қайырымдылық және волонтерлік мәселелері жөніндегі басқармасы, 87172 741286 және 87172 741074.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521