"Жыл кәсіпкері-2019"

(0 Votes)

Облыс орталығында жыл қорытындысымен дәстүрлі бизнес-қауымдастықтың үздік өкілдерін марапаттау салтанаты өтті.

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырған іс-шараға меншіктің түрлі формасындағы бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар, даму институттары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов шараға қатысып, отандық кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бәсекеге қабілеттілікті арттырып, экономиканы диверсификациялауда аталған саланың маңызы зор.

- Елбасының қолдауымен Үкімет ел экономикасына қажет жобаларды қаржыландырып келеді. Бүгінде республика бойынша шағын және орта бизнесті дамытудың бірнеше бағыттары іске асып жатыр, - деді облыс әкімі.

 Өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосып жүрген 11 кәсіпкер Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Кештің басты оқиғасы – 11 аталым бойынша үздік кәсіпкерлерді марапаттау болды.

«Сауда саласының үздігі» атағын Құрманғазы ауданының кәсіпкері - Гаухар Булатбаева иеленді. «Үздік стартап жоба» - Қызылқоғалық Асылбек Мұратовтың еншісінде. «Жылдың жас кәсіпкері» - Нұрхат Құмарбеков, «Үздік отбасылық бизнес» - Генадий Биманов, «Қызмет көрсету саласында үздік» - Асыланбек Мәжитов, «Үздік өндіруші» - Бауыржан Мырзағалиев, «Туризм саласының үздігі» - Айбар Жаниязов, «Үздік кәсіпкер әйел» - Айсұлу Оразбаева болып танылды.

 Аталған конкурсқа 11 түрлі номинация бойынша ауданымыздан 9 кәсіпкер қатысып, барлығы да өз деңгейінде марапатталды.

Мрзагалиева Тлекши Ербулатовна - «Жылдың жас кәсіпкері» номинациясының номинанты, Куаншалиев Акылбек Закарияевич-«Үздік стартап жоба» номинациясының номинанты, Садыхов Дәурен Жасталапович - «Қызмет көрсету саласында үздік» номинациясының номинанты, Жумалиев Талгат Серикпаевич - «Үздік өндіруші» номинациясының номинанты, Сарсенбаев Ернар Ержанович - «Туризм саласының үздігі» номинациясының номинанты, Махмудова Бахтылы Куспангалиевна - «Үздік кәсіпкер әйел» номинациясының номинанты, Габдушов Миргали Кимеденович – «Үздік жыл кәсіпкері» номинациясының номинанты берілсе, Булатбаева Гаухар Сигуатовна «Сауда саласының үздігі» атанды.

 

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21