Жолдардағы қауіпсіздік бәрінен бұрын

(0 Votes)

Осы жылы Атырау облысының аумағында116 жол-көлік оқиғасы орын алды, оныңішінде 10 жағдайда кінәлілер масаң күйіндеболған.

53 адам қаза тапқан, оның ішінде екіжасөспірім бала.

Автомобиль апаттарының негізгі себебі жол қозғалысы ережелерін сақтамау болыптабылады.

Жалпы облыс бойынша жол-көлік құқықбұзушылығын жасағаны үшін соңғы 2 жылда60 жүргізуші сотталып, оның ішінде 35 адам1-ден 7 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған.

«Біз жолдарда қозғалыс қауіпсіздігінқамтамасыз етууәкілетті тұлғалар мен ведомстволардың ғана жауапкершілігі емесекенін ұмытпауымыз керек, бұл жолқозғалысына қатысушылардың бастыміндеті», деп атап өтті облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ.

Облыс прокуратурасы жүргізушілерді жолқозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауғажәне адамдардың жарақаттануы мен өліміне жол бермеуге шақырып, сондай-ақжолдардағы өзара сыпайылық туралы ескесалады. Секундтарды үнемдеуге тырысып,жүргізушілер өздеріне ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіптөндіреді.

Жолдардағы барлық өлім жағдайлары жүргізушінің жауапсыздығынан болатынын түсіну маңызды.

«Автокөлік әуесқойлары көлік құралын қауіпсіз пайдалануды ерекше қамтамасыз етуі, айналасындағыларға жанашырлық танытуы, жол-көлік оқиғасында қаза тапқан әрбір адамның артында олардың отбасылары – ата - аналары, жұбайлары, балалары, жақындары қалатынын ұмытпауы тиіс», деп қорытындылады қадағалау ведомствосында.

 

 

Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521