Жазушы Әнес Сарай қайтыс болды

(0 Votes)

Көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнес Сарай қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz  

Сарай Әнес Төлендіұлы 1937 жылы Ресейде, Астрахан облысы, Володарский ауданы, Кірмалай ауылында туған. ҚазҰУ-ды бітірген. «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында редактор, Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған. Ол Батыс Алашорда тарихын қамтитын «Еділ-Жайық» романының және Алаш козғалысына қатысты деректі материалдардың авторы. «Мұнаралар шақырады» (1969), «Бозқырау» (1973), «Қараша өткен соң» (1974) атты әңгіме-повестерінде, «Тосқауыл» (1976), «Алтын арал» (1984), «Еділ—Жайық» (1994) романдарында Астрахан—Атырау өңірі еңбеккерлерінің өмірін, тыныс-тіршілігін арқау еткен. «Мұхаммед пайғамбардың өмірі», «Исатай мен Махамбет», «Қу тазша», «Тойтиып қалды», «Ару Алматы», «Мұңым менің», «Аңсау» пьесаларының авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996). 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521