Қадірлі достар!
Бүгін Атырау облыстық жастар мәслихатының II шақырылымының депутаты болып бекітілдім. Бұл — мен үшін үлкен сенім мен жауапкершілік жүктейтін, жаңа бастамаларға жол ашатын маңызды белес.
Атырау облыстық жастар мәслихатының II шақырылымының I сессиясы өз жұмысын бастады. Сессия жұмысын Атырау облыстық мәслихатының депутаты, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Нұрлыбек Нурболұлы Даралиев жүргізді.
Сессия барысында II шақырылым депутаттарына төсбелгілер мен куәліктер табысталып, тұрақты комиссиялар құрамына бөлінді. Жиын қорытындысы бойынша Атырау облыстық жастар мәслихатының II шақырылымының төрағасы болып Жанболат Ізімғұтов сайланды.


Атырау облыстық жастар мәслихатының депутаты ретінде, әсіресе ауданның ауылдық жерлеріндегі жастардың қажеттіліктерін ескере отырып, осындай маңызды алаңда өз үлесімді қосу — мен үшін зор мәртебе. Осы орайда Экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі ретінде мандат пен куәлік алып, қызметке кірістім.
Алдағы уақытта аудан көлеміндегі жобалар аясында жастардың белсенділігін арттыруға, олардың қоғам өміріне белсене араласуына үлес қосу үшін табанды әрі жүйелі жұмыс атқарамын.
Азамат Абдуллаев


