Жасанды интеллект - жаңа дәуірі

(0 Votes)

Өткен жылды аяқтап, тағы бір қадам алға жылжып жатырмыз. Призидентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылды Жұмысшы мамандақтар жылы деп қорытындыласа, биылғы жылды Жасанды интеллект және цифрландыру жылы деп жариалады.

Бұл жылымыз адамзат тарихындағы ең қарқынды өзгерістер ретінде есте қалары сөзсіз. Яғни осы жылдан бастап технология тек құрал емес, қоғамның барлық саласына ықпал ететін ақылды серіктестікке айналған тарихи кезеңнің бастамасы.

Жасанды интеллект – адамның ойлау, үйрену, талдау және шешім қабылдау секілді қабілеттерді жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Сонымен қатар бұл бағдарлама тек алгоритм ғана емес, деректерді саралап, өз тәжірбиесімен үйрене алатын жүйе. Бүгінде ЖИ мәтін жазады, сурет салады, сондай-ақ адамдардың ауруын анықтайды, ол аз десек заңды талдап, тіпті адамдармен пікір алмасады. Қажет болса ескі суреттерді жаңартып, оларды сөйлетіп әр түрлі бағытта бейнероликтерді де жасай алады. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде жасанды интеллект арқылы жасалған видолар, тарихи тұлғалардың жарқын бейнелері олардың сөйлеп тұрғандары мен балаларға арналған түрлі мультфилімдер, ол аз десек әуезді әндерді де өңдеп адамның орындауынсыз өзі жасақтап дайындап береді. Бұл жағдайда 21 ғасыр адамзат өркениетінің жаңа бір белесіне қадам басқан кезең ретінде тарихта қалмақ.

Ал цифрландыру дегеніміз уақыттың талабы. Аталған жүйе тек компьютер мен интрнетке тәуелділік емес. Бұл басқару жүйесін оңтайландыру, ашықтық пен тиімділікті арыттыру. Бүгінде мемлекеттік қызыметтерден бастап, білім беру, медитцина,ауылшаруашылығы, өнеркәсіп пен қауіпсіздік салалары цифрлық форматқа көшіп келеді. Еліміз бұл сала бойынша да арытта қалмай, дамып келеді. Мәселен бұл жүйе білім беру саласына да енген болатын. Онда оқулықтың алғашқы бетінде, немесе әр тақырыптың астыңғы тұсында QR (КЮАР КОД( белгіленіп тұрады. Осы жүйені телефонның камерасына түсіріп, әр тақырыпқа тоқтап, бұл жүйе арқылы жетік меңгеріп алуға болады. Сонымен қатар кітаптардың да электрондық арнайы сайттарға кіріп, іздеген кітабыңның атын жазсаң болғаны, әп – сәтте тауып береді. Және де цифрландыру жүйесі ауыл шаруашылығынада өз пайдасын тигізеді. Кеңінен айтар болсақ Дрон арқылы шаруашылықтың, егістіктің жағдайын бақылап автоматтандырылған жүйе арқылы назарда ұстауға болады. Тағы бір айта кетерлік жағдай төрт түлікке ЧИП құрылғысын орнатып, оның қозғалысын, қай бағытта жүргенін анықтау ауыл шаруашылығындағы цифрландырудың тиімді тетігі. Бұл әдіс мал есебін нақтылап қана қоймай, еңбек өнімділігін арттыруға жаңаша жолашады.

Жасанды интеллект пен цифрландыру – бұл бір жылдың ғана емес, тұтас ғасырдың бағыты. Биылғы жылы осы салаға серпін беріп, қоғам саласын жаңғыртатын кезең болуы тиіс. Елдің болашағы –технология мен ұлттық құндылықтардың үйлесімінде. Егер біз цифрлық дамуды адам копиталымен, біліммен, еңбекке деген құрметпен ұштастыра алсақ, Қазақстан жаңа дәуірде өз орнын айқын белгілей алады. Бұл бүгінгі буынның тарихи жауапкершілігі, ертеңгі ұрпаққа қалдырар ең басты мұрамыз 

Ғазиз Азамат

жас тілші

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT