Жандарбек Бекшин: Карантин аяқталғаннан кейін де сақтық шараларын жалғастыру керек

(0 Votes)

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінгі онлайн-брифингте: «Карантин режимі біткен кейін де тұрғындар өздерін оқшаулап, сақтық шараларын күшейту керек.

Босаңсуға әлі ерте», деді.

Бас санитардың мәлімдеуінше, Алматыда 19 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирусқа қарсы жаппай тексеруден өткен. Сонымен қатар әскерилер мен әлеуметтік топтағы адамдарды да тексеру жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта халық толықтай COVID-19 қарсы тексеріле алады. Бүгінге дейін Алматыда 77 мыңнан астам тесті алынған.

«Халықты жаппай тестілеу басталды. Осы күнге дейін 77 мың тесті өткізілген. Оның 22 мыңы жедел-тест. Қазіргі сәтте Алматыда 2 мың тесті шығарылып жатыр. Алдағы уақытта оның санын 3 мыңға дейін көбейту шаралары жүргізіліп жатыр. Карантин режимі аяқталғанан кейін де оқшаулану мен қорғаныш құралдарын пайдалануды әліде жалғастыру керек. Қоғамдық орындарда ара қашықтықты сақтап, масканы міндетті түрде тағу керек», – деді Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, жасалатын тесті көлемін ұлғайту үшін 10 мобильді аурухана, тестінің нәтижесін жылдам шығару үшін 6 зертхана жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта олардың санын 8-ге жеткізу көзделген.

Сондай-ақ, бас санитар сауда орындарында тұтынушы мен кассирдің арасындағы талапты да қатаң сақтауды ескертті.

egemen.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика