Жамбыл облысындағы жарылыста қаза тапқан Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді

(0 Votes)

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм)», делінген құжатта.

Естеріңізге сала кетсек, 26 тамызда сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жойқын жарылыс болды.

Соңғы мәлімет бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыстан 13 қаза тапқан. Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521