Жайық өзені бойындағы ауылдарды су шайып кетуі мүмкін

(0 Votes)

Атырауда биыл Жайық өзені жоғары деңгейге дейін көтеріледі деген болжам жасалып отыр. Қалада судың деңгейін анықтау жұмысы тәулігіне екі рет, таңертең және кешке үздіксіз жүргізілуде.

Арнайы мамандар судың көтерілу деңгейін, ауа температурасын сондай-ақ, желдің бағытын тексеруде. Судың деңгейі су ішіндегі бағаналар арқылы өлшенеді және әр бағанада өзінің өлшем белгілері болады.

“Атырау қаласында Жайық өзені әзірге көтерілмеді, бірақ биыл көктемгі су тасқыны кезінде өзен деңгейі 540-600 см-ге дейін көтеріледі деп күтілуде.

Бүгінгі күні, яғни 4 сәуірдегі су деңгейі 187 см болып тұр”, дейді инженер-гидролог Людмила Приданова.

Су деңгейін анықтайтын арнайы гидропосттар Атырау қаласынан бөлек Индер, Махамбет аудандарында және Дамбы, Еркінқала селосында бар.

Спикердің айтуынша, қазір Жем өзенінде бүкіл постты су басқан. Қиғаш өзенінде 3 гидропост бар. Ол жақта әзірге су деңгейінің көтерілуі төмен.

Хұсни Хамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521