Ынтымақтастық. Қауіпсіздік. Бейбітшіліктің жаңа күн тәртібі.

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына сапарында БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында өткен дебатта сөйлеген сөзінде: адамзат соңғы кездері аса үлкен сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын және геосаяси қақтығыстардың жаңа кезеңінен өтіп жатқанын атап кетті.

Бұл БҰҰ Жарғысындағы халықаралық құқықтың принциптерінің бұзылуынан, халықаралық құқықтық құжаттардың тәртібін сақтамауынан екенін атады. Осының нәтижесі адамзаттың араздығына, сауда жүйесін бұзылуына, экономиканың нашарлап, инфляцияның артуына әкелу мүмкіндігін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, БҰҰ Бас Асасамблеясына жиналған көшбасшылар адамзаттың тағдыры мен болашағына жауапты. Сонымен қатар келесідей маңызды жайттарды атап көрсетті:

 ядролық қаруды қолдану қаупі ең жойқыны болуы, 2045 жылға қарай ядролық қарудан толық бас тартудың стратегиялық жоспары қазіргі көшбасшылардың жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан ең маңызды үлесі болуы мүмкін екендігін; 

COVID-19 пандемиясының салдары қиын болғанын атап, Қазақстан Ассамблеяның Бас хатшысы мен Төрағасына Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру процесін бастау туралы үндеу жасағанын;

Исламға, басқа да діндерге және қасиетті кітаптарға қатысты жасалған құрметсіздікке алаңдаушылық білдіретінін;

Мемлекет басшысы климаттың өзгеруімен күрес жөніндегі мәселеге баса мән беріп, алдағы жылда әлемдегі температураның 2,-2,5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін екендігін, 2026 жылға қарай БҰҰ аясында Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді жоспарлап отырғанын;

Қазақстан тарапы Әділетті энергетикалық жүйеге көшу бағдарламасын (Just Energy Transition Partnership) іске қосуды ұсынғанын; 

Каспий теңізі де суының тартылуы, су арналарының бұрылуы, флорасы мен фаунасының ластануы сияқты экологиялық мәселелер ұзақмерзімді халықаралық ынтымақтастықты қажет ететін ортақ басымдыққа айналуы керектігін айтты.

Болашақ ұрпақтың денсаулығы, әл-ауқаты және сапалы білім алуы Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы екендігін айта келіп, елімізді баянды болашаққа жетелейтін жастарға зор сенім артатынын, жарқын әлем құруға деген ортақ мақсатымыз әрдайым биік тұруға тиіс екенін есте ұстап, Қазақстан жарқын, әділетті және орнықты әлем құру ісінде БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің бәрімен ынтымақтастық орнатуға дайын екендігін атап кетті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Химия және химиялық технология факультеті Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының оқытушысы Усипбекова Е.Ж.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT