Вакцина алып, ақша ұтқан атыраулықтарға 8 миллион теңге тапсырылды

(0 Votes)

«Атырауда "Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол" акциясының 6-7 кезеңдерінің жеңімпаздарына қаржы сертификаттары табысталды» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тамыз айының 21-31 аралығында екпе алғандар үшін 200 мың теңгелік он сертификат және​ тамыз айының 1 мен 31 аралығында екпе алғандар арасында 1 миллион теңгелік алты сертификат ойнатылып, ұтыс иелерін анықталған болатын.

1 миллион теңге ақша ұтқандардың бірі Жомарт Жұмабеков. Қаржылай сертификат тапсыру шарасына оның жұбайы Айнұр Фазылова келді.

«Ақша ұтамыз деп, мүлде ойламадық. Тіпті, бастапқыда сенбедік те. Барша атыраулыққа осындай қуаныш тілеймін» дейді Айнұр.

Еске сала кетелік, Атырауда "Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол" акциясы жалғасуда. Аталмыш акцияның басты жүлдесі 10 млн теңге қазан айында ойнатылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521