Атырауда полиция тұрғындарды тонаған 3 күдіктіні ұстады.
Атырау облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 тонау қылмысының жолын кесті. Атырауда мейманханалардың бірінде 39 жастағы тұтынушыға күш қолданып оның бағалы алтын жүзігі мен қолсағатын және 1 млн 200 мың теңге ақшасын ашық түрде тонаған 23 және 18 жастағы күдіктілер анықталып ұсталды. Сондай-ақ, 45 және 42 жастағы тұрғындардың ұялы телефондарын жымқырған 36 жастағы күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды. Қазір күдіктілерге қатысты тонау дерегімен тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, тонау қылмысы үшін күдіктілерге 3 жылдан 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Әділет ҚАНАТҰЛЫ