Терможаңғыртудан өткен үйлер пайдалануға беріліп жатыр

(0 Votes)

«Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-і тұрғын үй-коммуналдық шаруашылғын дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 27 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын.

Қазіргі таңда Ж.Досмұхамбетов көшесі 5 үй, Сырым Датов көшесі 11а, Авангард 4 шағын ауданындағы 21 үйлерде жөндеу жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.

– Бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген үйлердің шатырлары орнатылып, үйдің сыртқы беті және цоколь қабатының сырты толығымен боялды, балкон сырты металапрофиль материалымен  қапталып, электр сым жүйесі толығымен ауыстырылды. Домафон есіктері орнатылып, дәліз терезелері пластик терезелерге ауыстырылды, подъезд ішінде толықтай күрделі жөндеу  жұмысы жүргізіліп еденіне кафель төселді, үйлердің жертөрелері толықтай тазартылып кәріз құбырлар жүйесі, жылыту құбырлары жүйесі, ыстық су және салқын су жүйесі толығымен ауыстырылды, - деді тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Хабиев

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521