Таза қоршаған орта – ортақ мақсат

(0 Votes)

Исатай ауданына қарасты Қамысқала ауылында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар тазалық жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, ауыл ішіндегі каналдарда су ағысына кедергі келтіріп тұрған қамыстар шабылып, тұрғын үйлердің маңында жиналған қарлар арнайы техникалардың көмегімен күрелді. Аталған жұмыстар көктемгі су тасқынының алдын алуға, тұрғындар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қамысқала ауылының жалпы көркін арттыруға бағытталды. Тазалық шараларының нәтижесінде ауыл аумағы анағұрлым жинақы әрі қолайлы күйге келтірілді. Алдағы уақытта да Исатай ауданы бойынша санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады. Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырамыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT