Жергілікті халық бір ай жатпай-тұрмай фундук теріп, фабрикалар оны өңдеумен айналысады.
Халық таңғы сағат 8-ден кешкі 6-ға дейін фундук тереді. Алқапта демалатын төсеніштері мен ас-суы да бар. Оңай жұмыс емес, биіктен төменге қарай жүре отырып тергенде таза спорт.
Түркияда жылына 700 тонна фундук өндірсе, Гиресун қаласы оның 60 тоннасын істейді. Ал Фискобірлік өндірістік зауыты сол 60 тоннаның 30 тоннасын өндіріп отыр. Бұл өндіріс зауыты Ататүріктік кезінде ұлысаралық фундук конгресінен кейін 1938 жылы құрылған.
Содан бері үзіліссіз жұмыс істеп келе жатқан фабрика бүгінде қаншама фундук тәттілерін өндіріп келеді. Гиресун қаласындағы біз барған фундук алқабының аумағы 11 мың гектар.
Сонымен бірге дәл осы қалада Жаңғақ ғылыми иниституты да бар. Бұл институт фундуктың түрлерін, оған түсетін зиянкестерді бәрін зерттеп, ғылыми айналымға енгізіп отырады.
Фундук ғылыми-зерттеу институты Қара теңіз аймағындағы жаңғақ өндірісін жақсарту және оның мәселелеріне шешім табу мақсатында 1936 жылы Гиресун қаласында құрылған.
Бұл институт еліміздегі орман жаңғағы бойынша зерттеу жүргізетін бірден-бір мекеме болғандықтан, оның қызмет саласы; Қара теңіз аймағындағы Гиресун, Орду, Трабзон, Ризе және Артвин провинциялары (ескі жаңғақ өндіру аймағы) және Самсун, Синоп, Кастамону, Дүзе, Зонгулдак, Сакария, Кожаели, Бартын, Токат Гүмүшхане және Болу (жаңа жаңғақ өндіру аймағы) бойынша фундук экономикалық өндірісін зерттеп отыр. Ақбота Мұсабек