Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15.11.2021 ж №49 Қаулысына сәйкес, Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157|11 мекемесінің қызметкерлерімен жазасын өтеуші тұлғаларды COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинациялауды Атырау қалалық №7 емханасының мамандары жүргізді.
Екпені салудың алдында түсіндерме жұмыстарын жүргізе отырып, барлық жағдайлар ескеріліп жүргізілді. Еске сала кетейік аталған мекемеде сотталғандар арасында коронавирустық инфекциясымен ауырғандар болған жоқ. Мекемеде инфекцияны жұқтырудың алдын алу шаралары қарқынды жүргізіледі.
Бүгінгі күнге мекемеде 170-ден астам әйел жазаларын өтеп жатыр.
Тәрбие бөлімінің бастығы
әділет майоры
Алиева Улмекен Максотовна