Түркістан облысында жоғалған туристердің үшеуі табылды (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Түркістан облысының құтқарушылары жоғалған жеті жігіттің үшеуін тапты, деп хабарлады жұмада журналистерге республиканың ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғасуда.

«Бүгін Қазавиақұтқару тікұшағымен әуеден барлау барысында Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды. Олардың хал-жағдайы жақсы. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғастырылуда», - деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.  

Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалған жігіттердің туыстарына психологиялық көмек көрсетуде.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің «AЖ»-ға хабарлауынша, үшеуінің жеке басы құтқарылған соң белгілі болады. Тікұшақ әзірге қонған жоқ, құтқару жұмыстары жүргізілуде. Кейбір мәлімет бойынша, жоғалғандар 3 және 4 адамнан екі топқа бөлінген - төртеуі әлі табылған жоқ.

Адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама 25 мамырда кешке келіп түсті. Қоңырау шалушы 21 мамырда топтың Сары-Айғыр шатқалына жаяу кеткенін, 24 мамырда қайтып келуі керек болғанын, бірақ содан бері олардың байланысқа шықпағандарын айтты.

Іздеу жұмыстарының алғашқы күні құтқарушылар 37 шақырымдық таулы жерді зерттеді. Ұшқышсыз басқарылатын екі аппарат төрт километр радиустағы аумақты тексерді, бірақ нәтиже болмады.

Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-нің  25 құтқарушысы, екі квадрокоптер және жеті техника жұмылдырылған.

Естеріңізге салсақ, Назарбаев Университетінің студенттері, оның ішінде Атырау қаласының тұрғыны Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен еді.

 

https://azh.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521