Сыбайлас жемқорлық - кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс. Ол қоғамның тұрақтылығы мен әділдігіне нұқсан келтіріп, халықтың билікке деген сенімін әлсіретеді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында Сүйіндік ауылдық округі бойынша жоспар жасақталып, жұмыстар жасалуда. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсіндіретін тарату материалдары округтің, округке қарасты мекемелердің әлеуметтік желілеріне жарияланды. Мекемелерде түсіндіру кездесулері, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп, жастар арасында адалдық құндылықтары насихатталуда. Сондай-ақ «Адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ» жобалары арқылы қоғамда ашықтық пен әділдікті қалыптастыруға күш салынуда.
Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Халық заңгері» кең ауқымды акциясы ұйымдастырылып, құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізіліп, округ тұрғындарын қабылдап, толғандырып жүрген мәселелеріне байланысты түсінік жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру мақсатында округ орталығына «Сыбайлас жемқорлыққа тап болдыңызба? Хабарласыңыз!» «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік» тақырыбында баннерлер орнатылды.
Сыбайлас жемқорлықтан таза, болашағы жарқын ел болу үшін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар жалғасын таба беретін болады.
Н. Қуангалиева,
Сүйіндік ауылдық округінің бас маманы


