Сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлағандарға сыйақы беріледі

(1 Vote)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға шақырады

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған, оған өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі пәрменді тетік болып табылады. Бұл мәселеге көп көңіл бөлеміз.

Мәселен, 2020 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлық фактілері туралы азаматтарды көтермелеу жүйесі құрылып, азаматтарды көтермелеудің жаңа сараланған жүйесі енгізілді. Бұрын бұл қылмыс санатына байланысты жүзеге асырылған. Қазіргі уақытта бұл туралы хабарлаған адам пара сомасына немесе залалға байланысты осы соманың 10% - на ие болады, бұл пара сомасы 1 мың айлық есептік көрсеткіштен жоғары болған жағдайда қолданылады. Мысалы, егер келтірілген залалдың немесе параның мөлшері 50 млн. теңге болса, онда сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам сот үкімінен кейін 5 млн. теңге алады.

2020 жылғы және ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы расталған хабарламалар үшін республика бойынша 33,5 млн.теңге сомасына 222 тұлға ынталандырылды, оның ішінде облысымызда жалпы сомасы 2,6 млн. теңгеге 15 тұлға ынталандырылды.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылады. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы "ҚР Заңына сәйкес мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ынталандырылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда Call-орталыққа 1424 нөміріне, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Атырау облысы бойынша департаментінің кезекші бөліміне 8 (7122) 71-75-11 нөмірі арқылы қоңырау шалуға болады.

Барлық өңір тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, өздеріңізге белгілі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға шақырамыз. Тек осылай ғана біз бүкіл қоғам болып осы әлеуметтік проблеманы түбегейлі жоя аламыз.

 

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521