Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік жобалар конкурсы қорытындыланды

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп, жоғары оқу орны студенттері мен магистранттары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда үздік жоба конкурсын өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өткен байқаудың қорытынды кезеңіне 7 жоба ұсынылды. Жобаның екінші кезеңінде студенттер қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды арттыру арқылы азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын қорғап, көпшілікке таныстырды.

Жобаларға қойылған басты талап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жою әдістерінің жаңа жүйесін ұсыну болатын. Конкурсқа ұсынылған жобаларды бағалайтын сарапшылардың және конкурстық комиссияның құрамында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Жаннат Нұртілеуова, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Атырау облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Еркебұлан Молдабеков, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің маманы Ания Тулешова болды. Жоба идеясының тиімділігі, мазмұнының ашылуы, жобаның дағдысы, идеялардың жаңашылдығы бағаланған конкурста Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультетінің Құқықтану мамандығының 2 курс студенті Медетова Мөлдірдің жобасы үздік деп танылып, диплом және арнайы сыйлық табысталды. Конкурстың нәтижесінде үздік жобалар ұсынған студенттер Алғыс хатпен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT