«Әскерде қылмысқа орын жоқ»

(0 Votes)

«Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы аясында және «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» принципін жүзеге асыру мақсатында, 2020 жылғы маусым айында Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Бейбіт Касенов, «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша Департаменті» басшысының орынбасары Айдос Мамыт, Батыс аймағы әскери прокурорының орынбасары әділет капитаны Ерлан Конаров және Атырау гарнизонның әскери бөлім командирлері мен мекеме басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесудің басты тақырыбы: әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы заңды қатаң сақтауды, қызметтік этиканы ұстауды, адамдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау болды!

Құқық қорғау органдарының басшылары өз кезегімен сөз алып, әскери қызметшілерге адалдық пен парасаттылықты көрсетуді және сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырды. ​

Сонымен бірге, Атырау гарнизонның әскери бөлім командирлері мен мекеме басшыларына 2020 жылғы өткен кезеңінде пара алу дерегімен ұсталынған және әскери қызметшілермен жасалынған қылмыстық әрекеттер бойынша соттардың үкімдері жан – жақты жеткізді!

 
Бактияр Дауренкулов,

Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің (әкімшілік тәжірибе) офицері әділет капитаны 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521