Сәдібек Түгел: "Біздің мақсатымыз - берік рухани-адамгершілік негізі қалыптасқан елді өскелең ұрпаққа қалдыру»

(0 Votes)

Бүгін жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Атырау облысының татуласу орталығына барды.

Кездесу Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұловтың, Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Гүлжан Жұмағалиеваның, медиаторлар мен билер кеңесінің мүшелерінің қатысуымен өтті. Атырау облыстық сотының төрағасы Б.Жұмағұлов орталықтың артықшылықтары туралы айтып берді. "Орталықтың құрылысы Президенттің тапсырмаларын және Жоғарғы Соттың "Татуласу: сотқа дейін, сотта" жобасын іске асыру шеңберінде жүргізілді және медиацияны насихаттауға, тиімді құқықтық және медиативтік көмек көрсетуге, азаматтарға заңгерлік кеңес беруге бағытталған.

Қазіргі уақытта Орталық 300-ден астам отбасын біріктірді. Ол сондай-ақ агенттіктің бастамасымен қолға алынған "Адал көмек" жобасының тиімділігін атап өтті, соның арқасында 30 000-нан астам адам кәсіби құқықтық көмек алды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері орталық жұмысының, әсіресе дауларды тез және тиімді шешуді іздеп жүрген азаматтар үшін пайдасын атап өтті.

"Біздің мақсатымыз - берік рухани-адамгершілік негізі қалыптасқан елді өскелең ұрпаққа қалдыру". Парасаттылық идеологиясын дамыту, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру қажеттілігі туралы барлық жерде және әрқашанда айтуымыз керек", - деп атап өтті Сәдібек Түгел.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521