Ренат Бектұровпен «АДАЛДЫҚ САҒАТЫН» өткізді (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа форматтағы «Адалдық сағатын» өткізді.

Ренат Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келді.

Қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар. Ол ТМД аймағындағы сукук (ислам бағалы қағаздары) алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысқан. Президенттік жастар кадр резервінде бірінші орынға ие болды.

«Парасаттылық деген талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сияқты адами қасиеттердің жиынтығы», - деді Р.Бектұров өз сөзінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып.

Сондай-ақ жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды.

Оның пікірінше, жетістіктің құпия тұздығы – сәттілік, бірақ негізгі құрамдас бөлігі – еңбек. Ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті.

Бейне-дәріс барысында көрермендер қандай мектеп мұғалімі өміріне әсер еткенін, оның ойынша жастар үшін сәттіліктің кепілі не екенін және зияткерлік ұлтты қандай қасиеттерді анықтайтынын білді.

Бәрімізге белгілі, «Адалдық сағаты» акциясының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521