«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң қабылданды

(0 Votes)

2022 жылдың 5 қарашасында «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң қабылданды.

Тәуелсіз Қазақстанда басты қадағалаушы орган прокуратураның алатын орны ерекше. Оның беделі мен әлеуметтік маңыздылығы еселеп өсіп келе жатқандығы жүріп өткен жолымызда айқын көрініс тапты.

Алайда жаңа Заңның қабылдануының да өзіндіктарихи маңызы бар. Елімізде алғаш рет прокуратура туралы заңға конституциялық мәртебе берілді.

Мемлекет басшысы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында Прокуратура туралы конституциялық заң қабылдауды ұсынып, бірінші кезекте елдегі заңдылық-конституциялық принципінің рөлін нығайтты.

Бұл жаңа Конституциялық заң ең алдымен прокуратура органдары қызметінің құзыреттілігін, ұйымдастырылуын және тәртібін белгілейді.

Осыорайдажаңа Конституциялық заңның негізгі талаптарына тоқталайын.

Бірінші, жаңа Конституциялық заң бойынша - Бас Прокурор жаңа құрылған Конституциялық Сотқа жүгіне алатын болады.

Сонымен қатар азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот практикасының мәселелері жөнінде соттарға түсіндірме беру туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жүгінеалады.

Екінші, прокуратура органдарымен қаралатын жолданымдардың (арыз, өтініш) санаты кеңейтілді.Енді прокурорларуәкілетті органдар әрекетсіздік танытып,олардың қаралуын тиісті түрде қамтамасыз етпеген, сондай-ақадамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін заңдылықтың бұзылу фактілері баржолданымдардықарауға құқылы.

Бұған қоса,мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдарытарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуы туралы жолданымдарды қарай алады.

Үшінші, адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында Еліміздегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасайды және оның қызметіне жәрдем көрсетеді.

Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді мемлекет мүддесіне қайтару мәселелерін жүзеге асырады.

Төртінші, қадағалау жүйесін арттыру мақсатында жаңа прокурорлықакті -заңды бұзуға жол берілмейтіні туралытүсіндіру енгізілді.

Ендігі жерде прокурорлар құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау немесе дайындалып жатырған құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде жеке және заңды тұлғаларға заңдарды бұзуға жол берілмейтіні туралы жазбаша немесе ауызша нысанда түсіндіреді және заңдарда белгіленген жауаптылық туралы ескертеді.

Бесінші,бұған дейін прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-іздестіру қызметі, жасырын тергеу әрекеттері бойынша және заңда белгіленген өзге де жағдайларда жазбаша нұсқаулар берген болса,қазіргі таңда бұл нұсқауларәкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қосымша тексеру жүргізу; атқарушылық іс жүргізу; жазаларды орындау; прокуратураның талап етуі бойынша жүргізілетін тексерулер; мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу тізбелерімен толықтырылды.

Сол сияқты прокурордың қаулы шығару құзыреттілігікеңейіп, айқындалды.

Осылайша жаңа Конституциялық заң -заңдылықтың сақталуын қадағалауға, адам, оның құқықтары мен бостандықтарын, азаматтардың сенімін, сондай-ақ елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей бағытталғанын атап өткен жөн.

 М. Рахимов,

 Құрманғазы ауданының прокуроры                                      

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521