Президент тапсырмасы: Жанармай бағасын өсірмеу үшін қандай шаралар іске асырылуда

(0 Votes)

Мемлекет Басшысы Қ. Тоқаев 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде қолайлы нарық жағдайында бензин өндірушілер мен түрлі делдалдар қосымша пайда табатынын айтты. Сонымен қатар акциздер арқылы бюджет пайдасына осы маржаның бір бөлігін алу қажеттілігі атап өтілді. Бұл ретте, тиісті есептеулер жүргізу және бағаның өсуіне жол бермеу тапсырылды.

Айта кету керек, 2021 жылы бензин мен дизель отыны бағасы айтарлықтай өскен:

бензин 30 теңгеден астам, дизель отыны 60 теңгеден астам. Бұл ретте акциздер өзгерген жоқ. Жоғарыда аталған тапсырманы орындау үшін мыналар ұсынылды:

- бензинді көтерме саудада өткізуге арналған акциз мөлшерлемесін 1 тонна үшін 24 435 теңгеден 38 134 теңгеге дейін ұлғайту (қазіргі уақытта бензиннің әрбір литріндегі акциз 17,8 теңгені құрайды, акциз мөлшерлемесін литріне 10 теңгеге, яғни 17,8+10=27,8 арттыру ұсынылады);

- дизель отынын көтерме саудада өткізуге арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тонна үшін 9 300 теңгеден 35 726 теңгеге дейін ұлғайту (дизель отынының әр литрі 7,2 теңгені құрайды, акциз мөлшерлемесін литріне 20 теңгеге арттыру ұсынылады, яғни 7,2+20=27,2).

Бұл ретте, «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына сәйкес 180 күнге дейін ЖЖМ бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағалар белгіленгендіктен, акциздерді арттыру ЖЖМ бағасының өсуіне әкелмейді.

 Бұдан басқа, шекті бағалардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бағалардың одан әрі өсуіне жол бермеу үшін Мемлекет басшысы ЖЖМ өндіру және тарату саласын реформалау үшін ұсыныстар кешенін әзірлеуге тапсырма берді. Осылайша, қолданыстағы шекті бағалар, сондай-ақ қабылданатын шаралар кешені аясында акциздердің ұлғаюы ЖЖМ бағасының өсуіне әкелмейді.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521