Президент балалардың хаттарына жауап берді

(0 Votes)
Фото: kaz.inform.kz

Дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық аймағында «Тілектер шыршасы» орнатылады. Сол жерге балалар өз тілектерін жазып қалдырады.

▪️Биыл аталған жоба аясында Мемлекет басшысының атына Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген хат келіп түсті, соның ішінде көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалардан 100-ден астам тілек жолданды.

▪️Бүлдіршіндер өз хаттарында велосипед, домбыра, компьютер, жазғы лагерьге жолдама және басқа да заттарды сыйлыққа алуды, тіпті Астанаға келіп, «Ақорда» резиденциясын аралап көруді сұраған.

✔️Балалардың хаттарына жауап берген Президент оларды Жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ бұл ертегідей ерекше мереке екенін атап өтіп, бүлдіршіндерге өз атынан арнайы сыйлықтар жіберді.

✔️Мемлекет басшысы балаларды білімге құштар болуға, кітап оқуға, спортпен шұғылдануға, табиғатты аялауға және жақсылық жасауға шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521