Пойызда көз жұмған баланың анасы мәлімдеме жасады

(0 Votes)

«Атырау-Астрахан» пойызында Ресейдің Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологы» санаториясына бара жатып көз жұмған 13 жасар Святослав Цаплиннің анасы оның тамақтан уланбағанын айтты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы жергілікті блогер Сандуғаш Көкенов желіге бейнежазба жариялады.

"Жолға шыққаннан 1,5 сағаттан кейін балалардың біреуі өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырылған. «Нарын» станциясына келген жедел жәрдем баланың қайтыс болғанын анықтаған. Анасы Тамара Цаплинаға көңіл айтып, Святославтың бала кезінен ауырғанын естідік. Әрине, жағдай өкінішті, аз қамтылған, көпбалалы анаға ауыр тиді. Қайтыс болған баланың отбасына барлық көмек көрсеткендеріңізге Алла разы болсын" деп жазды ол.

Ал, баланың анасы Тамара Цаплина баласының кішкентай кезінен оның тамырлары жарылғанын, ешқандай тамақтан уланбағанын айтты. Сондай-ақ, көмек көрсеткен облыс әкімі Серік Жамбылұлына және басқа да жомарт жандарға алғысын жеткізді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521