Паспорт жоғалған немесе ұрланған жағдайда cіз «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалына (ХҚКО-ға) төмендегі құжаттарды ұсына отырып, жүгіне аласыз:
- Құжаттарды қайта дайындау туралы жазбаша өтініш, онда жоғалу мән-жайын міндетті түрде көрсету қажет;
- Паспорттың ұрлануы туралы өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органынан талон-хабарлама (құжат ұрланған жағдайда);
- мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек не мемлекеттік баж төлеуден босатуды растайтын құжат;
- ҚР азаматаның жеке куәлігі (егер паспорт жоғалса).
Егер паспорт Қазақстаннан тыс жерде жоғалған болса, азаматтарға ҚР консулдық мекемесіне жүгіну қажет, онда олар ҚР-ға кіру үшін және тұрғылықты жері бойынша ҚР аумағында жүру үшін куәлік алады. Елге келгеннен кейін дер уақытта паспортты қайта дайындау үшін уәкілетті органдарға жүгіну қажет.
Фарида АМАНБАЕВА, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Атырау облыстық филиалы, №1 қалалық ХҚКО маманы