Орманымыз отқа оранбасын!

(0 Votes)

Өрт – аса қауіпті, бұған бей-жай қарауға болмайды. Айтып келмейтін апаттардан сақтану да – күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Сондықтан қай кезде де тілсіз жауға тосқауыл қою қажет. Күннің аптап ыстығымен қатар, қазіргідей қыстың қытымыр салқындығы да өрттің тұтануына кедергі болмайды. Әуесқой балықшылар жылыну немесе тамақтану үшін от жағып, онысын өшірмей кететін жайттар  көп кездеседі. 

Сондай-ақ, өрт орман қоры жеріне жақын орналасқан шаруашылықтарға тиесілі қора-жайларда да орын алуы мүмкін. Онда жұмыс атқаратын техникалардың ақаулығы, қызметкерлердің тартқан темекісінің тұқылы сияқты болмашы жағдайлар үлкен өрттің шығуына себепкер болады. Қазақстан Республикасының ормандағы өрт қауіпсіздігі ережесіне сәйкес шіруіне байланысты дайындалған кеспе ағаштар, теректің қалдықтары қалған жерлер маңайында от жағуға тыйым салынады. Орманды өрттен қорғау – әрбір адамның міндеті.

Б.ОМАРҒАЛИЕВ,
Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қорушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT