banner_damu

Облыста шетелдік 16 жұмысшының жалақысы төмендетілді

(0 Votes)

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіровтің айтуынша, биылғы сәуірде арыздарға байланысты «China National Chеmical Enginееring CO., Ltd.» (CNCEC) компаниясының филиалы мен «Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед Казахстан» (Фиркрофт») ЖШС-на ҚР Еңбек кодексінің 103-бабының 1-1-бөлігіндегі талаптардың сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

«Тексеру кезінде ұқсас лауазымдағы және бірдей міндеттер атқаратын «Фиркрофт» мен «CNCEC» компанияларының жұмысшылары арасында еңбекақы тең дәрежеде төленбейтіні белгілі болды. Сондықтан, жұмысшылардың жалақысын теңестіру жөнінде нұсқама енгізілді. Соның нәтижесінде «Фиркрофт» серіктестігіндегі 23 жұмысшының жалақысы өсіріліп, «CNCEC» компаниясындағы қытайлық 68 жұмысшының жалақысы теңестірілді. Ал, Қытайдан келген 16 жұмысшының еңбекақысы төмендетілді», - дейді Игілік Әубәкіров.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысында «Бұрғылау» жобасы жұмысшыларынан ұжымдық арызы қабылданған. Соған сәйкес «Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед Казахстан» ЖШС тексерілген. «Тексеру қорытындысымен «Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед Казахстан» ЖШС-на Еңбек кодексінің 103-бабына сәйкес, биылғы 1 қантардан басқа лауазымға ауыстыру күніне дейін 76 жұмысшының, ауыстырылған күннен кейін 51 жұмысшының жалақысын «Бұрғылау» ЖШС-ның жұмысшыларымен теңестіру жөнінде нұсқама берілді. Басқа лауазымға ауыстыру күніне дейін екінші санаттағы 46 жұмысшының, ауыстырылған күннен соң 70 жұмысшының жалақысын «Бұрғылау» ЖШС-ның еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес өсіру тапсырылды. Осыған байланысты «Бұрғылау» жобасындағы «Фиркрофт» компаниясында жұмыс істейтін 129 қызметкердің қаңтар-мамыр айлары аралығындағы 51,5 млн теңге жалақысы қайта есептеліп, «Бұрғылау» ЖШС-ның қызметкерлерінің еңбекақысымен теңестірілді», - деп мәлім етті Игілік Әубәкіров.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика