Облыста үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі артып келеді

(0 Votes)

Абай орталығында «Қоғамдық диалог – Тұрақтылық пен Өркендеудің Негізі» атты жиын өтіп, оған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, басқарма басшылары, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

– Бүгінгі жиын – мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық ұйым мүшелерінің диалогын жүргізуге арналған бірегей алаң. Қазіргі уақытта үкімет үкіметтік емес ұйымдарға айтарлықтай қолдау көрсетуде. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға жыл сайын облыстық бюджеттен қаражат бөлінеді.

Былтыр облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов ҮЕҰ мүшелерімен кездесу кезінде бірқатар атқарылар жұмыстардың жоспарын жасаған еді. Бүгін міне сол тапсырмалардың орындалысы туралы, жұртшылықты қандай мәселелер толғандырады, алдағы уақытта қай бағытта жұмыстар істеу керек екенін талқылау үшін жиналдық, – деді Бақытгүл Хаменова.

Жиын барысында Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұханов баяндама жасады.

Оның айтуынша, егер 2020 жылға қарай облыста 653 үкіметтік емес ұйым тіркелген болса, 2021 жылға қарай олардың саны 712-ге өсті.

– Пандемияға қарамастан облыста 59 жаңа ұйым пайда болды. Сонымен қатар, 2019 және 2020 жылдармен салыстырғанда ҮЕҰ белсенділігі екі есеге артқанын айта кеткен жөн.

Белсенді ұйымдардың саны жүзден 170-ке дейін өсті. Бұл мемлекет тарапынан қоғамдық ұйымдарды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанының жарқын мысалы.

Сондай-ақ, облыс әкімі жанындағы 24 адамнан тұратын қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңестің құрамына ҮЕҰ-ның 15 мүшесі енгізілді, – деді Қанат Әзмұханов.

Баяндамашы атап өткендей, Кеңес жұмысын жандандыру мақсатында оның жанынан түрлі саланы қамтитын 6 жұмыс тобы құрылған. Бұл білім беру, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік кәсіпкерлік, азаматтардың, қоғамның құқықтық сауаттылығы, волонтерлік қызмет салаларын қамтитын топтар.

Жиын барысында үкіметтік емес ұйым өкілдері Жайық өзенінің тайыздану мәселесіне, ерекше балаларды сауықтыру және медицина саласына қатысты өзекті мәселелерге тоқталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT