Облыста 52 көпқабатты үй салынуда

(0 Votes)

Атырау облысында 52 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы брифинг барысында облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұрберген Құсайынов мәлім етті. Баяндамашы атап өткендей, ағымдағы жылдың 10 айында облыста 758 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,3 пайызға артық. 2020 жылы осы кезеңде 614,6 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 904 мың шаршы метр салынып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

– Қазіргі таңда бюджет қаражаты есебінен 52 тұрғын үй салынуда. Оның 18-і жалға берілетін, 34-і коммерциялық бағыттағы үйлер. Атырау қаласында екі арендалық үй, аудандарда 16 тұрғын үй салынуда. Шағын ауданда коммерциялық үйлер де салына бастады. Атап айтсақ, Талғайраңда барлығы – 24 үй, Береке ықшам ауданында - 9 үй бой көтереді. Сонымен қатар, Индербор ауылында тағы бір үй салынуда, – деді Нұрберген Құсайынов.

Биылғы жылдың соңына дейін 21 үйдің құрылысын аяқтау жоспарда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521