Облыс тұрғындары «жеке менеджер» қызметіне жүгінгенді жөн санайды

(0 Votes)

Облысымызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ фронт-офистерінде және үйге барып, жеке қызмет көрсетуді жүзеге асыру жөніндегі коммерциялық қызмет көрсету шеңберінде іске қосылған «Жеке менеджер» қызметі  қарқын ала жалғасып келеді.

Аталған коммерциялық қызмет халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы жүйелі жүзеге асырылуда.

Жоба мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді мақсат етеді. Анығында, халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне жүгінген қызмет алушылар уақытын үнемдеу мақсатында қызмет алушымен шарт жасасып, аталған қызметті пайдалана алады.   

  • Бізге, яғни, халыққа мұндай таңдау еркіндігі берілгендігіне біз қуаныштымыз. Әдетте, шаруамыз қауырт, асығыс сәтте ақылы негізде болса да дербес қызметті пайдалану бізге уақыт үнемдеу жағынан өте тиімді болары сөзсіз. Сондықтан, бұл өз кезегінде оң нәтижесін беретін шешім болды деп есептеймін, – дейді қала тұрғыны Тұрар Тлемисов.

Айта кету керек, аталған қызмет Абулхайыр хан даңғылы-66, Баймұханов көшесі 16 «а», Азаттық 96 «б» мекен-жайларында орналасқан Атырау қалалық  №1,2,3 Халыққа қызмет көрсету орталықтарында іске қосылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT