Облыс әкімінің орынбасары бөгеттерді тексерді

(0 Votes)

Құрманғазы ауданына Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жұмыс сапарымен келіп, аудан көлемінде су тасқыны болуы ықтимал округтерді аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Облыс әкімінің орынбасары алдымен Құрманғазы аудандық балық инспекциясы бөлімінде болып, бөлімнің қазіргі жай-күйіне қанықты. Кездесуде бөлім қызметкерлері бүгінде ескі ғимаратты паналап отырғандарын айтып, жаңа ғимарат салу мүмкіндігін сұрады.

Тиісінше айтылған ұсыныс жан-жақты зерделеніп, шешімін қарастырылатыны қаперге берілді. Сапар барысы одан әрі су басу қауіпі жоғары Шортанбай, Көптоғай және Дыңғызыл ауылдық округтерінде жалғасты. Бүгінде Шортанбай және Дыңғызыл ауылдық округінде көктемгі су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттерінің аса қауіпті учаскелерін бекіту жұмыстары толыққанды аяқталды.

Нақтырақ айтқанда, өзендердің су басу қауіпі бар жағалаулары мен сағалары анықталып, осал бөгеттер маңына техниканың көмегімен саз топырақтар төгілді және топырақпен толыққан арнайы қаптар жаға бөгеттеріне орналастырылды.

Дәл осындай жұмыстарды ендігі кезекте Көптоғай ауылдық округінде жүргізу жоспарланған. Бөгеттердің жай-күйімен танысқан Қайрат Нұртаев аудан жұмыс сапарымен келудегі басты мақсат – су тасқынының алдын алу үшін жұмылдырылған күш құралдары мен қорғаныс бөгеттерінің жағдайын бағдарлау екенін атап өтті.

Өз сөзінде ол табиғаттың тылсым құбылысын ешкімде алдын ала болжай алмайтындығын қаперге беріп, соған байланысты судан келер қауіптің сейілмейтіндігін айтты және осы мәселе төңірегіндегі жұмыстарға бейжай қарамай, аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары Марат Хасановқа, округ әкімдеріне тиісті шараларды барлық округтерде жан-жақты жүргізуді қатаң міндеттеді.

Бұдан соң, Қайрат Нұртаев Қызылөзек және Татарский каналдарын түп тереңдету және «Ақкөл - Ғизат Әліпов – Жыланды - Қиғаш» ауылдарына қатынайтын жол құрылысының жүру жұмысын назарға алды.

Облыс әкімінің орынбасары қорытынды сөзінде мердігер мекеме өкілдеріне барлық жұмыстар назарда болатынын қаперге беріп, тиісті жұмыстарды сапалы атқаруды тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521