Облыс әкімі Серік Шәпкенов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

(0 Votes)

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде қаланы көгалдандыру, әуежай терминалын жаңғырту, балаларға арналған жазғы лагерьлердің сапасын арттыру, баспанамен қамтамасыз ету, бұралқы иттерден келетін қауіп, маса улау жұмыстарын күшейту және т.б. мәселелер көтерілді.

Аймақ басшысы аталған ұсыныс-пікірлерді тыңдап, көтерілген мәселелер өзектілігіне қарай жүйелі түрде заң аясында шешілетінін жеткізді.

- Кездесуде көтерілген мәселелердің бәрі маңызды. Оларды шешу үшін алдымызда үлкен міндеттер тұр. Жаңа Қазақстан, әділетті Қазақстан құру – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының басты принципі. Сол – әділ Қазақстан үшін мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері бірлесе жұмыс істеуі керек. Біздің ортақ мақсатымыз елге қызмет ету. Сіздерді билік пен қоғамның байланысын дамытуға, аймақтағы мәселелердің шешілуі жолында бірге жұмыс істеуге шақырамын, деді Серік Шәпкенов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521