Оңтүстік Осетияның Батыры

(1 Vote)

Армия қатарынан оралғанына біраз жылдар өткенде ол «Сыныптастар» әлеуметтік желісінен сол отты күндердегі өзіне қатысты видеосюжетті көреді де таң-тамаша қалады.

«Мәңгі жадымыздасың» деген тақырыбы қандай? «Неге мені өлдіге санаған, неге Бато деп атаған?» Аталған видеосюжеттегі мен және тірі екенімді айтып комментарийлер жаза бастадым, бірақ ешкімді сендіре алмаймын, дейді Тасболат.

Шынымен де қайта Тасболаттың өзін «сен біреудің ерлігін өзіңе таңып, батыр болғың келетін сұмпайы екенсің» деп кінәлай бастайды. Ал, жұбайы бұл оқиғаның куәгері сен екеніңді қалайда дәлелде дейді. Көзі тірі қаруластары да «біз кепіл боламыз дәлелдеп тын», деп кеңес береді. Тасболат болса, «шанасыңдар ма, шанбайсыңдар ма, шаруаларың білсін, әбден шаршадым» деп қолды бір ақ сілтейді.

Дегенмен Тасболатқа бұл ой тыным бермейді. «Неге жұрт қайдағы бір Бато Дашидоржиевты мұның орнына таңдаған? Біздің полкта бірде-бір бурят ұлтынан сарбаз болған емес еді ғой...» Армия қатарынан оралған соң Ибрашев Астрахань қаласына тұрақтап қалады. Бертін келе жұбайы Динараны, екі қызы Медина мен Милананы алып Мәскеу маңына қоныс аударып, көне қала Дмитревода өмір сүруде.

Бір күні Тасболатқа Бурятиядан еркін күрес тренері Семён Атанов телефон шалып, оны Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Алдар Дамдиновтың іздеп жүргендігін жеткізеді. Сөйтіп депутат екеуі Мәскеуде кездеседі. «Мен оған айрықша алғыс айтамын, менің мен екенімді дәлелдеп, маған шанғаны үшін» дейді Тасболат.

Ол аяқ астынан БАҚ өкілдерінің өзіне құлай қалғанына, бірінен соң бірінің сұхбатқа шақырғанына таң-тамаша қалады. «Мұның бәрі мен күтпеген, үйреніспеген жағдай» деуі содан шығар. 2019 жылдың Желтоқсан айында ол Цхинвалиге, ондағы баспасөз орталығы Spitniikke шақырылады. Сол жолы ол «За службу на страже мира в Южной Осетий» мемлекеттік медалімен марапатталады. Бұл жарлыққа ел Президенті Анатолий Бибиловтың өзі қол қойған.

-Бұл оқиға өз батырларын қолдайтын қалың жұрттың назарынан қағыс қалуы тиіс емес. 2008 жылғы сол қанды күндерде Оңтүстік Осетияның тағдырына араша тұрғандар мәңгілік құрметімізде. Бұл тұрғыдан алғанда бүтіндей грузин колоннасының алдына қасқая қарсы қарап тұрып, ары қарай өткізбеген Тасболат Ибрашевті батырымыз деп ардақ тұтамыз,-дейді Оңтүстік Осетия мемлекетінің басшысы Эрик Пухаев.

Айтқандай жас ардагерді Оңтүстік Осетия алақанға салып ардақтады. Ол жөнінде газеттері жарыса жазып, деректі фильм түсірілді. Телеэкраннан батыр қазақтың бейнесі бірнеше күн бойы түспей тұрды. Өзі болған жерлерді аралап көрді. Сол грузин колоннасын қарсы алған тұс, қазақша айтсақ көзіне оттай ұшырады. Университеті қандай! Театры да дым болмағандай асқақ бейнесімен аспандайды. Мұндағы тас қабатты жол тақтайдай тегіс.

Соғыс қаһарманы Тбет ауылындағы «Өртенген жандар» музейіне бас сұқты. Өткен сол Тамыз оқиғасының куәсіндей естеліктермен қауышты. Қайтыс болған ОМОН жауынгерлерінің ескерткішіне тәу етті. Ұрыс сәтінде көз жұмған командирі Денис Ветчиновтың кеуде мүсініне гүл шоқтарын қойып көңілі босады. -Иә, Денис Ветчинов менің сүйікті командирім болды. Өз міндетін адалдықпен атқарды, сарбаздарға ағалық мейірімін төкті, алаламады. Майор Денис екеуіміз Шешенстанда танысқанбыз, онда ол «Зам.полит» лауазымында болатын. Ол 2008 жылдың 9 Тамызында 58-і Армия құрамындағы шабуылдаушы топ ұрысқа түскенде Ресей журналистері мен қоршаудағы жауынгерлерді құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті. Өзгелердің бақыты үшін өз еркімен ажал құшты, әрине ерлік өлім!

Жақында Астрахань қаласында Тасболат Ибрашевпен кездесу өткізіліп, оның кеудесіне «За родной доблесть» медальі тағылды. –Мен мақтанды сүймеймін. Батыр дегенге де келісе бермеймін, бар болғаны бұйрықты ғана орындадым, сосын мені, мен деп танығандарына ғана ризамын,-дейді ол кездесулерде. Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Алдар Дамдинов:-Оның есімі Тасболат, бізше «Каменный меч» деп аударған дұрыс. Бұл қазақ деген ата-бабасынан бері қарай батыр халық. Қазақтар 1941 жылы Мәскеуді жауға бермей қорғап қалды. Волоколамск тас жолында генерал Панфиловтың дивиясы құрамында күші әлдеқайда басым жауды бір қадам алға бастырмай, арыстанша арпалысты. Бауыржан Момышұлы теңдессіз батыр командир. Бауырлас халықтардан тұратын Армия Рейхстагтың үстіне Жеңіс Туын тіккенде қазақ жауынгерлерінің үлесі мол болғанын тарих жоққа шығара алмайды. Демек, Тасболат Ресейдің ғана емес, қазақ деген халықтың да батыры.

Осетия журналисткасы телехабарының аяғында:-Тасболат және басқа орыс жауынгерлерінің және өз қаһармандарымыздың арқасында 2008 жылы болған Тамыз соғысында жеңіске жеттік. Біз тек солай ғана бүгінгі Тәуелсіз еркін елде-Оңтүстік Осетия республикасында өмір сүріп жатырмыз. Осыны біз әрқашанда есте ұстап, тарих жадынан мәңгілікке өшірмеуге тиіспіз.

Таңатар Дәрелұлы,

ҚР Жаушылар Одағының мүшесі,

Қазақстанның Құрметті журналисі,

Құрманғазы ауданының Құрметті Азаматы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521