Қоғам қайраткері Бостан Сүлейменов өмірден өтті

(0 Votes)

Бүгін түнде белгілі қазақстандық эколог, қоғам қайраткері және балық өндірісінің ардагері Бостан Шәмішұлы Сүлейменов өмірден өтті, - деп хабарлайды АТРress.kz.

Ол таң қаларлық тағдыры бар, туған өлкесінің, әсіресе Каспий теңізі мен Жайық (Орал) өзенінің үлкен білгірі, экологияны қатысты сұрақтарда өзіндік ұстанымынан таймайтын, су ресурстары мен табиғи байлықтарымыз үшін шын ниетімен және жан-тәнімен күйзелетін адам еді. Мұны түрлі қоғамдық тыңдауларда оның қарсыластары да әрдайым мойындайтын.

Бостан Шәмішұлы 1961 жылы Астрахань балық өндірісі мен шаруашылығы техникалық институтын бітірді. 1963-1973 жылдар аралығында «Гуррыбхолфлот» басқармасының Баутинодағы (Маңғышлак жарты аралы) бас инженері болып жұмыс жасап, тікелей итбалық өндірісі және оның тәжірибелік жұмыстарымен айналысты. Екі мәрте 1974-1977 және 1992-1996 жылдары Гурьев (Атырау) аймақтық балық инспекциясын басқарды. Түрлі уақыттарда «Гурьеврыбпром» өндірістік бірлестігінің бас директоры, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және халық тұтынатын тауарлар бөлімінің меңгерушісі, Гурьев облыстық экология және биоресурстар басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс жасады. Сонымен бір мезгілде Гурьев облысының табиғатты қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор және бас экологиялық инспектор болып саналды. 2000-шы жылдардың басынан Халықаралық Каспий экологиялық бағдарламасының Қазақстан жағынан сарапшысы (итбалықтарды зерттеу тобындағы комиссия мүшесі).

Соңғы жылдары біраз жасқа келгеніне және денсаулығының сыр бергеніне қарамастан (биыл тамызда 82 жасқа толады) Бостан Шәмішұлы түрлі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға қатысты маңызды қоғамдық шаралардың бірде-бірін жібермей қатысып, туған өлкесі табиғатының белсінді қорғаушысы бола білді.

Рахим Қойлыбаев

Фото Р.Қойлыбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT