Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының әлемнің бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіруі жөнінде стратегиялық мақсат қойды.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингісінің "электрмен жабдықтау жүйесіне қосу" және Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің "электрмен жабдықтау сапасы" индикаторларын жақсарту бойынша жұмыстар бекітілген.
Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу рәсімін жеңілдету және электр энергиясының сапасын жақсарту мақсатында ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер енгізді. Өзгерістерге сәйкес электрмен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде екі рәсім жойылды, сондай-ақ техникалық шарттарды беру, тұтынушылардың жобалық шешімдерін энергия беруші ұйыммен келісу және электрмен жабдықтауға шарт жасасу мерзімдері қысқартылды. Осыған байланысты "Электр энергетикасы туралы" Заңға және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекске толықтырулар енгізілді.
Сонымен қатар, Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органның құзыреті Электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды анықтау тәртібін әзірлеумен және бекітумен толықтырылды (5-баптың 47-1) тармақшасы). Сенімділік көрсеткіштері ретінде желідегі бір тұтынушыға арналған ажыратулар санының орташа көрсеткіші және күнтізбелік бір жыл ішіндегі ажыратулардың орташа ұзақтығының көрсеткіші қолданылатын болады.
Сондай-ақ, Электр энергетикасы туралы Заңның 12-бабы энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтау сенімділігінің бекітілген көрсеткіштерінен аспау міндетімен толықтырылды. Энергия өндіруші ұйымдар авариялық істен шыққан қуаттарды алмастыруды электр энергиясын берудің тәуліктік кестелерін орындау үшін қажетті көлемде сатып алу арқылы жүзеге асыруға міндетті. Сатып алу өзге энергия өндіруші ұйымдардан да, жүйелік оператордан да соңғысының шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен авариялық өзара көмек туралы жасасқан шарттары шеңберінде жүзеге асырылады.
Осыған орай, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс 300-1-баппен толықтырылды, онда энергия беруші ұйымдар басшыларының электрмен жабдықтау сенімділігінің бекітілген көрсеткіштерін асырғаны үшін жауаптылығы көзделген.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылаукомитетінің
Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Ж.М. Айтказиев