Өнер – рухтың айнасы

(0 Votes)

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филормония жанындағы «Мұрагер» фольклорлық ансамблі гастрольдік сапармен Сүйіндік және  Балқұдық ауылында  өнер көрсетті.

Халықтың рухани байлығы мен ұлттық болмысын насихаттап жүрген өнер ұжымдарының бірі –Нұрмұхан  Жантөрин атындағы Атырау облыстық филормония  жанындағы «Мұрагер» фольклорлық ансамблі. Жақында бұл ұжым Сүйіндік ауылдық мәдениет үйінің сахнасында тамаша концерттік бағдарлама ұсынып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Сүйіндік ауыл тұрғындары мен өнерсүйер қауымға нағыз рухани мереке сыйлады. Сахна төрінде ұлттық аспаптардың үні күмбірлеп, қазақтың төл өнері – ән мен күй, би мен дәстүр сабақтастығы үйлесім тапты.

Сахна сәнін келтірген шынайы өнер концерт барысында ансамбльдің орындауындағы халық әндері, күйлер мен фольклорлық композициялар көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. «Мұрагер» ұжымының әрбір мүшесі өз өнерін сүйіспеншілікпен, үлкен жауапкершілікпен орындап, сахна мәдениетінің биік үлгісін көрсетті. Зал толы көрермен қол соғып, әрбір туындыны ыстық ықыласпен қабылдады. Халық өнеріне деген құрмет пен сағыныш, ұлттық рух пен мақтаныш сезімі кеш бойы көрініс тапты.

 «Мұрагер» фольклорлық ансамблінің басты мақсаты – ұлттың рухани мұрасын насихаттау, дәстүрлі өнердің өміршеңдігін дәлелдеу. Сол себепті олардың әрбір сапары елдің мәдени тынысын жандандырып, ауыл тұрғындарына үлкен шабыт сыйлайды. Кеш соңында Сүйіндік ауылдық ақсақалдар  кеңесінің  төрағасы  Сейтханұлы  Бақтыгерей  көрермендер  атынын ансамбль мүшелеріне алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Осындай сапалы өнер кештері халықтың ұлттық сана-сезімін арттырып, мәдени өмірді байыта түседі.

Сүйіндік ауылдық мәдениет үйі соңғы жылдары түрлі деңгейдегі мәдени шараларды тұрақты өткізіп, ауыл тұрғындарының бос уақытын мазмұнды өткізуге зор үлес қосып келеді. Бұл жолғы концерт те сол ізгілікті істің жалғасы болды. Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филормония жанындағы «Мұрагер» фольклорлық ансамблінің өнері – нағыз рухани құндылықтың көрінісі. Мұндай сапарлар ауыл мен қала арасындағы мәдени байланысты күшейтіп, өнердің қанатын кеңге жаюға жол ашады.

Иә, өнер – ұлттың жаны. Осындай рухани кештер арқылы елдің мәдени деңгейі көтеріледі, халықтың көңіл көкжиегі кеңейеді. Сүйіндік ауылына келген өнер ұжымдарына айтар алғыс мол, шабыттары сарқылмасын! Әрбір ауыл төрінде «Мұрагер» сияқты өнердің үні естіліп тұрса – ол елдің ең үлкен жетістігі болмақ.

Н.Аюпова, Сүйіндік  ауылдық   мәдениет  үйінің мәдени  ұйымдастырушы                                                      

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT