Мемлекеттік қызметші әдеп сақтауға міндетті

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатындағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді.

Жалпы, биылғы жылдың тоғыз айында департаментке жеке және заңды тұлғалардан 210 өтініш түсті. Бұл өтініштердің 130-ы немесе 62% Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасына түсті. Құзырет шегінде қаралған өтініштердің 28-і расталып, өз дәлелін тапты. Барлығы сегіз тұлғаның құқығы қалпына келтірілді.

Мәселен, мемлекеттік қызметшінің конкурстық комиссия шешімімен келіспейтіндігі туралы өтініші бойынша облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының талаптары сақталмағандығы анықталды.

Басқарманың конкурстық комиссиясының төрт мүшесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 99 бабы 1 тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды. Салынған әкімшілік айыппұл толықтай өндірілді. Осылайша, мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалған болатын.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің өтініштері негізінде облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, Мақат ауданы әкімі аппаратында, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану талаптарын бұзушылықтар анықталды.

Осыған орай, департаменттің ұсынысы негізінде жоғарыда аталған мемлекеттік орган басшыларының тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтарының күші жойылып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді. Талдау көрсеткендей, азаматтар төмендегідей бұзушылықтар бойынша арызданатыны анықталды: Жалпы, мемлекеттік органдарға жіберген өтініштердің қарау тәртібінің бұзылуының саны артқаны байқалады. Ал, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамауы бойынша өтініштердің саны азайған.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері департаментпен жан-жақты зерттеледі. Ол бойынша тиісті шаралар қабылданып, заңда көзделген мерзім ішінде жауаптар берілді. Департаменттің өтініштер бойынша жүргізген жоспардан тыс тексеруі негізінде 29 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды.

Расул МЕДЕТОВ,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT