Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап халық пен мемлекеттік қызмет ету бәрінен жоғары кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Жоғары тиімді мемлекеттік қызметті құру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қажетті шарты және оның өркендеуінің кепілі болып табылады.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «100 Нақты қадам» Ұлт жоспарын жариялай отырып ,оның орындалуын қамтамасыз етуде негізгі күшті мемлекеттік қызметкерлерге салды. Барлық істі ұйымдастырушылар да нақты нәтижеге қол жеткізуге ықпал етушілер де мемлекеттік қызметкерлер екенін Елбасы қадап айтқан болатын. Сөйтіп, 2016 жылдың қаңтарынан бастап "5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам" ҰлтЖоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталған болатын.
Бұл реформалар-жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бірге жаңа тарихи жағдайларда Қазақстанның әлемдегі дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі жоспары екенін атап көрсетті. "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының бірінші бағытын іске асыру шеңберінде білікті мемлекеттік кадрларды даярлау және лауазымдық жылжыту жүйесі жетілдірілді.
Сөйтіп персоналды басқарудың қазіргі заманғы әдістері енгізілді, мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы артты. Жұмыстар жоғары нәтижелі жүріп келеді. "Қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру "бірінші реформасының 15 қадамын жүзеге асыру аясында Атырау облысында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні облыста 209 жергілікті атқарушы орган жұмыс істейді.Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіру жалпы конкурс бойынша төменгі лауазымдардан басталады.
2019 жылдың 9 айында 389 бос орынға жалпы конкурс жарияланып,325 азамат құжаттарын тапсырды. Әңгімелесу нәтижесімен жалпы конкурс бойынша 156 азамат конкурс комиссиясының оң шешімін алды. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық өткізілген әңгімелесулерге байқаушылар (100%) қатысты.
Төменгі лауазымдарға үміткерлерді іріктеу және одан әрі мансаптық жылжыту құзыретті тәсіл негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде үміткерлер бірыңғай біліктілік шеңбері бойынша тестілеуден өтеді. Ағымдағы жылдың 3тоқсан жағдайы бойынша заңнаманы білуге арналған тестілеуден мемлекеттік қызметке алғаш кіретін 1237 үміткер өтініш білдіріп, оның ішінде шекті мәндерден 419 адам немесе 33,8% өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі әкімшілік және құқық қорғау қызметіне кіретін барлық азаматтар үшін бірыңғай болып табылады.
Жыл басынан бері тестілеуге құқық қорғау қызметіне алғаш кіретін 887 үміткер өтініш білдіріп, оның 280 немесе31,6% шекті мәннен сәтті өтті.
Сонымен қатар, жеке қасиеттерін бағалау бойынша 147немесе 28,7% үміткер тестілеуден өтті.
2019 жылдың 3 тоқсанында Атырау облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың181 мемлекеттік қызметшілеріне сынақ мерзімі тағайындалды. Қазіргі уақытта 126мемлекеттік қызметшісынақ мерзімінен сәтті өтіп, ал 55 мемлекеттік қызметші сынақ мерзімінен өтуде. Алғаш тағайындалған 128 мемлекеттік қызметшіге тәлімгерлер бекітілді.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Атырау облысы бойынша филиалынан қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру семинарынан 766 мемлекеттік қызметшілер өту жоспарланып, 3 тоқсан жағдайыбойынша 573 немесе 74,8% (оның ішінде 118 бірлік - қайта даярлау, 455 бірлік -біліктілігін арттыру) мемлекеттік қызметшілер оқыту курстарынан өтті.
9 ай ішінде меритократия қағидасы бойынша облыста жоғары тұрған лауазымдарға 98мемлекеттік қызметші тағайындалды, бұл ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша тағайындалған жалпы санынан 69% құрады. Яғни,облысымызда меритократия қағидатының іс жүзінде іске асырылып жатқандығын білдіреді.
Сондай-ақ, облыс әкімі аппаратында 1 бірлік Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы енгізілді, ал қала және аудандар бойынша8 бірлік Әдеп жөніндегі уәкілдің лауазымы жүктелген тұлғалар аппарат басшылары болып табылады (барлығы: Әдеп жөніндегі уәкілдер 9 бірлік). Моральдық-психологиялық жағдайға мониторинг жүргізу мақсатында облыстық және аудандық мемлекеттік органдардың ұжымдарында анонимдік сауалнама жүргізіліп, оған 1611 мемлекеттік қызметші қатысты.
Сауалнама нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарда тиісті ұсыныстар енгізілді.Жүргізіліп жатқан реформаларды табысты іске асыру-бұл барлық атқарушы және өкілетті органдардың және мемлекеттік қызметшілердің Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудағы үйлесімді жұмысының нәтижесі.
Ұлт жоспарын іске асыру бағытындағы одан әрі жұмыс қоғамның қажеттіліктеріне және сыртқы сын-қатерлерге бара-бар тиімді мемлекеттік аппараттың жұмыс істеу кепілі болып табылады.
Шолпан Қайненова,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы