Мемлекеттік шекараны заңсыз өтудің жолын кескен Шекара қызметі

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы – Қазақстан Республикасы аумағының (құрлық, су, жер қойнауы, әуе кеңістігі) және шекарасын айқындайтын оның бойымен өтетін сызық және тік жазықтық. Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің кеңістік шегі.

Қазақстан (1936 жылдың 5 желтоқсанынан 1991 жылдың 10 желтоқсанына дейін – Қазақ КСР) Ресеймен, Қытаймен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Түрікменстанмен шектеседі. Қазақстанның құрлықтағы мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы 13398 км,  судағы шекарасы 1730 км.

Қазақстанның мемлекеттік шекара туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Заңынан және республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады, бұл ретте мемлекеттік құқыққа қарағанда халықаралық құқықтың басымдылығы қағидасы қолданылады. Шекараны күзетуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге де ұйымдардың күштерімен және құралдарымен бірлесіп, шекарада республика азаматтарын ерікті негізде тарта отырып қорғауды жүзеге асырады.

Шекара қызметі айтарлықтай ауыр іс. Онда ел мен жердің сақтығы, амандығы күзетіледі. Шекара — ел егемендігінің белгісі. Оның беріктігі мемлекеттің мызғымас кепілі. Әр мемлекеттің тағдыры шекарасының бүтіндігіне, тыныштығына тығыз байланысты. 

Мемлекеттік шекара — мемлекеттік тəуелсіздік пен егемендіктің негізгі айғақтарының бірі және ол  арнайы əскерлер күшімен қорғалады. Осы тұста: Мемлекеттік шекара режимі мен шекара режимін бұзатындар және заңсыз іс-әрекеттермен броконьерлікпен айналысатындар азаяр емес.

Шекаралык белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру немесе жүріптұру және шекаралық белдеудін үстімен ұшуды жүзеге асыру адамдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінін рұқсатынсыз шекаралык белдеуге кіруіне, онда уақытша болуна, тұруына немесе жүріп-тұруына тиым салынады;

Анықтама: Адамдардың шекаральқ белдеуге кіруі жеке басын куәландыратын құжаттары болған не оларды цифрлық құжаттар сервисі арқылы көрсеткен кезде және Казакстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінін Шекара қызметі беретін арнайы рұқсаттамалары болған кезде сол үшін белгіленген орындарда жүзеге асырылады;

Шекаралык аймақта уақытша болу, тұру және жүріптұру үшін шекаралық аймақта адамдар жеке басын куәландыратын құжаттарын үнемі өзімен бірге алып жүруге тиіс;

Ішкі және аумақтық суларда пайдаланылатын Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті жене суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі есепке алуға тиіс екендігін жеткіземіз.

Қазақсат Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 510 бабы бойынша Шекаралық аймақта шекара режимін және жекелеген жерлерде болу тартібін бузу жагдайында 5-АЕК мелшерінде айыппул салумен;

Қазақсат Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 512 бабы бойынша Қазақстан Республикасының аумақтық суларының және ішкі суларының режимін бұзу 20-АЕК мелшерінде айыппул салумен;

Қазақсат Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 514 бабы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін бұзу 10-АЕК мөлшерінде айыппұл салу аркылы заң талаптары бұзылған жағдайда әкімшілік жаза қолданылатындығын ескертеміз.

2023 жылғы қазан айында Ауғанстан елінің 10 азаматы мемлекеттік шекарадан заңсыз түрде кесіп өтуге тырысты және оны Қиғаш елді мекенінде орналасқан «Сазды» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері жолын кесіп заңсыз өтуге тырысқан азаматтарды ұстап тиісті органға тапсырды.

Сабаз Ерхан

Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты

«Сазды» шекара бөлімше бастығының орынбасары

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521