Мемлекеттік шекараны қорғау басты міндет

(0 Votes)

Мемлекеттіктің басты нышандарының бірі – оның нақты шекарасының болуы екендігі бұлжымас қағида. Мемлекет шекарадан басталады.

Батыс аймағы әскери прокуратурасының қадағалау жұмысының басты бағыттарының бір болып Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылымдық мекемесі болып табылатын Атырау облысы бойынша шекара қызметі департаменті, сондай-ақ Атырау облысында жасақталған Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметі департаментіне қарасты 3-ші Дивизионының қызметін үйлестіру.

Аталған әскери органдар Атырау облысының құрлығында, теңізде, шекаралық өзендерде еліміздің аумақтық тұтастығын, шекаралық кеңістіктегі заңдылық пен белгіленген тәртіптің қатаң сақталуын кірпік қақпай қамтамасыз ете отырып, Мемлекеттік шекараны сенімді түрде күзетуде.

Қадағалау жұмысының бірінші кезегінде Шекара мәселелеріне қатысты қоғамдық тұрақтылықты, әскери қызметшілердің конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік қарбаластықты болдырмауға бағытталған болатын.

Атырау гарнизоны қиын діндарлық аймақтық ерекшелігі болып саналады. Бізге экстремистік діни ұғымдарды әскери ортаға жібермеу, бүлдіргіш элементтердің ықпалын шектеу маңызды. Бұнда үнемі кешенді шараларды өткіземіз. Біздің бастамамыз бойынша Атырау облысы бойынша шекара қызметі департаментіне қарасты заставаларының шекара нарядтарын бейнетіркегішітермен қамтамасыз еттік.

Атырауда мұнайлы-газды сала жалақысының жоғарлығы, нашар экология мен ауыр климат әскери қызметке деген қызығушылықты төмендетеді. Осы себепке байланысты әскерде бос орындар көп. Соған қарамастан, әскери басшылықтармен бірге стратегиялық Батыс бағытта жауынгерлік әзірліктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп, Мемлекеттік шекараны қорғауда олқылықтарға жол бермедік.

Қадағалауда басым бағыт шекара күзеті мәселесі болып табылады. Қиындықтар Каспидің жағалауы мен сулы укчаскелерінде шекара режимдерін қамтамасыз ету кезінде туындайды. Жергілікті тұрғындардың ішіндегі браконерьлер, жанжалды арандатушылықтар, негізгі бұзушылар болып табылады. Атқарылған алдын алу шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғындармен оқыс оқиғалар және әскери қызметшілермен қару қолдану деректері тіркелмеді.

Әскери прокуратурамен Исатай және Құрманғазы аудандарының шекара аумағындағы жергілікті ауыл тұрғандары, әкімдіктер және ішкі істер органдарымен бірлесіп Мемлекеттік шекара мәселелері бойынша алдын алу мақсатындағы кездесулер мен Үйлестіру кеңестері ұйымдастырылып отырады.

Облыс әкімімен өзара бірлесіп қызмет атқаруды жетілдірудеміз. Ағымдағы жылы облыстық бюджет есебінен шекара күзеті сапасын және қызмет жағдайларын жақсартудағы біздің бірнеше ұсыныстар қолданды.

Мысалы, облыс әкімдігі 2018-2020 жылдары жергілікті бюджет есебінен 5 шекара заставасы, 4 жеңілдетілген өткізу пункттері салынды. Онымен қоса, жекелеген заставаларды газдандыру мен электр қуатын жүргізу жұмыстары іске асырылуда.

ҚР Президенті көмекшісінің – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының, Парламент Мәжілісінің халықаралық істер, Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Комитеті төрағасының сапарлары кезінде, олардың назарына Каспий теңізінің аумақтық суларында шекара сызығын анықтау, бастапқы сызығы туралы мәселелері жеткізілді.

Атырау облысының уәкілетті органдарының «Көктем және Күз» мезгілдеріне арналған заңсыз балық аулаудың алдын алу бойынша кеңауқымды акциясына әскери прокуратураның үйлестіруімен Атырау облысы бойынша шекара қызметі департаменті мен 3-ші Дивизион белсенді атсалысып, оны ұдайы нәтижелі аяқтауда. Осы бағыт сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшырауы мүмкін аумақ болғанына қарамастан алдын алу жұмыстарының нәтижесімен әскерилердің арасында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілмеді.

Шекара мәселесі Батыс аймағының әскери прокуратурасы қадағалауының басым бағыты болып қала береді.

 

А. Нұрғазыұлы, Батыс аймағы

әскери прокуратурасының аға прокуроры

әділет майоры

Сурет ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521