banner_damu

Мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақтамаған мемлекеттік қызметшілердің жауапкершіліктері қаралды

(0 Votes)

Аталған мәселе ағымдағы жылдың 1 қазанында Атырау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қаралды.

Атап айтқанда, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дыңғызыл және Шортанбай ауылдық округтерінің әкімдері тарапынан мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген жұмыстарды сатып алуға жол беріліп, мемлекеттік сатып алу заңнама талаптары бұзылған.

Бұдан басқа, округ аумағына қарасты мемлекет меншігіндегі жер учаскелерінен сазды топырақты алуға заңсыз рұқсат берілген. Аталған округ әкімдеріне «ҚЫЗМЕТКЕ ТОЛЫҚ СӘЙКЕС ЕМЕСТІГІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Сонымен қатар, жасақталған шарттың талаптарын тиісті деңгейде атқармаған мердігер мекемені  мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде тану және әрбір кешіктірілген күндер үшін тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінбегені үшін Исатай аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына «СӨГІС» түріндегі жаза қолдану ұсынылды.

Жиында мемлекеттік қызметші азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс деген Әдеп кодексінің талаптарын сақтамаған Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округінің әкіміне Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен «ЕСКЕРТУ» түріндегі жаза қолдану ұсынылды.

Атап өту қажет, «ЕСКЕРТУ» түріндегі тәртіптік жаза қолдану Индер   ауданы Есбол ауылдық округінің әкіміне де ұсынылды.

 

Аталған лауазымды тұлғамен мемлекеттік қызметтің қағидаттарының бірі – азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізуіне тең құқығы болып табылатындығы бойынша заңнама талаптары бұзылған.

 

Сондай-ақ, аталған Кеңес отырысында Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит және Қазынашылық департаменттерінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі қызметінің нәтижесі және Атырау облысы Қаржы басқармасы басшысының мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмыс қорытындысы бойынша есептері тыңдалды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика